Ректорға сұрақ

Сұрақ: Қайырлы күн, институтта студенттерге оқу ақысын төлеуде қандай жеңілдіктер бар екенін білуге бола ма?

Жауап: Қайырлы күн, ЕАГИ-де келесі жеңілдіктер жүйесі қарастырылған:

  • біздің институтта бір отбасынан екі немесе одан да көп студенттерді оқыту кезінде оқу ақысына 10% жеңілдік алуға болады;
  • 1 және 2 топтағы мүгедектерге және бала кезінен мүгедектерге – 10%, жетім балаларға – 20%;
  • әрбір талапкер ұлттық бірыңғай тестілеуден немесе кешенді тестілеуден өткені туралы сертификат және жеке іс материалдары негізінде институттың білім беру грантын алуға арналған конкурсқа қатыса алады;
  • оқу ақысын төлеудің икемді жүйесі көзделген, төлем ай сайын, тоқсан сайын және т.б. бөліктер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.