Ректор жатақханада тұратын студенттермен кездесті

2024 жылғы 9 қыркүйекте А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының ректоры Н.Т. Нығыманова студенттік жатақханаға барды.
Кездесу барысында ректор студенттік кеңес басшыларымен және студенттермен жатақханада тұру жағдайларын, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, бос уақытты ұйымдастыру мәселелерін және т. б. талқылады. Кездесу ЖОО әкімшілігі мен білім алушылар арасында диалог орнатуға жақсы мүмкіндік болды, студенттерге өз пікірлері мен ұсыныстарын айтуға мүмкіндік берді.