RELO Central Asia OPEN 2021 онлайн-конференциясы

2021 жылғы 4-6 ақпан аралығында п.ғ.м., аға оқытушы С.Е. Давлетова және п.ғ.м., аға оқытушы А.М. Сәрсенова RELO Central Asia OPEN 2021 онлайн-конференциясына қатысты. Аталған конференция ELT зерттеу практикасы мен теориясы арасындағы байланысты ілгерілету, идеялар мен тәжірибе алмасуға бағытталған. Конференция барысында екі негізгі баяндамашы сөз сөйледі: үйлестіруші Бенджамин Тейлор және Джил Тайсон қашықтықтан оқытудың ең жақсы педагогикалық тәжірибелерімен бөлісті.