Республика күніне арналған кураторлық сағат
2023 жылғы 23 қазанда куратор А. М. Айтқұлова ЮҚ-21-01, ЮҚ-21-02 академиялық топтарының студенттері үшін (3 курс, «Құқықтану» білім беру бағдарламасы) Республика күніне арналған кураторлық сағат өткізді, оның барысында 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған Қазақ КСР Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларация талданды және еліміздің тарихи даму кезеңдері қарастырылды.