Республика күніне арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция
2024 жылдың 24 қазанында, Қазақстан Республикасы Ғылым және Жоғары білім министірлігінің ұйымдастыруымен, «Республика күні» мерекесі қарсаңында, «Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу кезеңдері» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференция жұмысына ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Д.Ж. Ахмед-Заки, мемлекет және қоғам қайраткерлері Қ.С.Сұлтанов, Б.С.Әйтімова, Қ.Е. Көшербаев, Д.Қ.Мынбай, А.Ә.Сарым т.б. қатысты. Конференцияның секциялық мәжілісіне тәуелсіз Қазақстандағы әлеуметтік-саяси реформалардың жүзеге асырылу мәселелерін талқылауға А. Құсайнов атындағы Еуразиялық гуманитарлық институтының профессоры, Педагогика және тарих кафедрасының меңгерушісі С.А. Ескалиев қатысты.