Республика күніне орай кураторлық сағат өткізілді

2022 жылғы 22 қазанда экономикалық және математикалық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Ә.Ғ. Қожахметова Республика күніне арналған «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» атты кураторлық сағат өткізді.

Кураторлық сағаттың мақсаты студенттердің Қазақстан Республикасының қалыптасу жолы туралы білімдерін байыту, азаматтық, патриоттық, туған жерге деген сүйіспеншілік сезіміне тәрбиелеу болды. Сонымен қатар кураторлық сағат барысында 2-4 курстар арасында интеллектуалды ойын өткізілді.