Республикалық пәндік олимпиадаға сәтті қатысумен құттықтаймыз!

2025 жылғы 29-30 сәуір аралығында Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ базасында XVII республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті.

«Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасының студенттері:Д.Ш. Қылышпаева (ғылыми жетекшісі: доцент С.Е. Давлетова), Ф.А. Бурумбаева (ғылыми жетекшісі: доцент С.Е. Давлетова), А.М. Беркембаева (ғылыми жетекшісі: профессор С.А. Мейрамова) және А.С. Юсупов (ғылыми жетекшісі: аға оқытушы А.М. Сарсенова)ЕАГИ-ді абыроймен таныстырды.

Олимпиаданың барлық қатысушылары жоғары білім деңгейі мен белсенді қатысқаны үшін алғыс хаттар алды.