ХАБАРЛАНДЫРУ!

Құрметті А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының студенттері!

2023 жылға арналған республикалық бюджет қаражаты есебінен академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында шетелде білім алғысы келетін студенттердің өтініштері мен құжаттары конкурсқа қабылдана басталғанын хабарлаймыз. Шетелде білім алу мерзімі – 2023-2024 оқу жылының І семестрі. Институтымызға бөлінген орын саны – 2.

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

  1. Шетел тілін меңгеру деңгейі – В2 деңгейінен төмен емес;
  2. Оқу үлгерімінің орташа баллы (GPA) 3,5-тен төмен емес.

Республикалық бюджет қаражаты есебінен академиялық ұтқырлық конкурсына қатысу үшін  қажетті құжаттар тізімі:

  • Студенттің өтініші;
  • ҚР азаматының төлқұжатының көшірмесі;
  • Ата-анасының жазбаша келісімі;
  • ББ жетекшісі берген ұсыныс хаты;
  • Оқу үлгерімі бойынша транскрипт;
  • №072/у формасындағы медициналық анықтама;
  • Шетел тілін меңгергені туралы сертификат (ағылшын тілі – IELTS (5,5 кем емес), TOEFL (46 кем емес); түрік тілі (В2 деңгейі);
  • 3х4 фото, 3 дана.

Өтініштер 2023 жылдың мамыр айының 10-26 аралығында қабылданады. Конкурсқа қатысушы студент білім грантында шәкіртақы алып оқуы тиіс. Сұрақтарыңыз болса, академиялық ұтқырлық жөніндегі үйлестірушсі Айгүл Талғатовнаға хабырласыңыз. Серіктес жоғары оқу орындарының тізімін ЕАГИ сайтынан таба аласыздар – www.egi.edu.kz .

Академиялық ұтқырлық жөніндегі үйлестіруші — Сандыбаева А.Т.
Мекенжайы: Астана қ., М.Жұмабаев, 4, 2-қабат, декан жанындағы кабинет.
Тел: 8 (7172) 56-19-33; +7 (707) 8204656-(WhatsApp осы номерде)
e-mail: 
akaleka@mail.ru