Құрметті Нұрбану Төкенқызы!
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің атынан жолданған құттықтау – Сіздің еңбегіңізге деген терең құрметтің және жоғары бағалаудың айқын көрінісі.
Сіздің отандық білім беру саласының дамуына қосқан зор үлесіңіз, көрнекті көшбасшылық қасиеттеріңіз бен адамгершілік болмысыңыз осындай мәртебелі құрметке әбден лайық.
Осы орайда, А.Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының ұжымы атынан Сізді шын жүректен құттықтаймыз!
Сізге зор денсаулық, сарқылмас күш-қуат, отбасы амандығы мен жаңа кәсіби табыстар тілейміз.
Әрбір жаңа күніңіз қуанышқа, шабыт пен сенімге толы болып, өмірлік және кәсіби жолыңыз әрдайым табыстар мен биік белестерге ұласа берсін!
Ізгі құрметпен,
А.Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының ұжымы