ҚҰРМЕТТІ ТАЛАПКЕР!

2016 жылдан бастап ЖОО қабылдау талаптарына бірқатар өзгерістер енгізілді.

Түсушілер педагогикалық мамандықтарға арнайы емтихан тапсыратын болады. Арнайы емтихан талапкерлердің педагогикалық қызметке бейімділігін анықтауға бағытталған. Емтихан педагогикалық ситуациялардан және педагогикалық тестілерден тұрады.

Арнайы емтихан тапсырмаған жағдайда не болады?

Егер талапкер педагогикалық мамандыққа жіберілмесе, білім гранты конкурсына қатысу үшін педагогикалық мамандықты таңдау құқығынан айырылады.

Егер талапкер педагогикалық мамандыққа жіберілмесе онда таңдау пәніне сәйкес басқа мамандықтар бойынша білім гранты конкурсына қатыса алады.

Еуразия гуманитарлық институтында қабылдау комиссиясы арнайы емтиханды төмендегідей педагогикалық мамандықтар бойынша өткізеді:

  • 5В010100 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
  • 5В010200 – Бастауышты оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
  • 5В010300 – Педагогика және психология
  • 5В011400 – Тарих
  • 5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті
  • 5В011900 – Шетел тілі: екі шетел тілі

Арнайы емтиханға өтініштерді қабылдау 20 маусым мен 4 шілде аралығында жүргізіледі. Арнайы емтихан 5 шілде мен 14 шілде аралығында өтеді. Емтихан қорытындысы «жіберілді» / «жіберілмеді» деп бағаланады. Кеңес және арнайы емтихан материалдарын институттың қабылдау комиссиясынан алуға болады.

Жоғары оқу орнына педагогикалық мамандықтар бойынша оқуға түсетін талапкерлер (ағымдағы және алдыңғы жылдардағы мектеп және колледж түлектері) көрсетілген мерзімде құжаттар тапсырып, арнайы емтиханнан өтуі керек.

Еуразия гуманитарлық институтының қабылдау комиссиясы:
8 (7172) 56-22-00, 8 (702) 590-82-08,
e-mail: eagi.admission@mail.ru