Құрметті талапкерлер!

2020-2021 оқу жылын еліміздің білім беру саласы Төтенше жағдайдан туындаған қашықтықтан білім беру режимімен аяқтап отыр. Білім берудің қазіргі жағдайдағы барлық ауыртпалығын білім беру саласының қызметкерлері халықпен бірге көтеріп келеді. Қысқа мерзім ішінде білім беру мекемелері қашықтан білім беру технологияларына тез бейімделе алды. Олардың қатарында астанамыз Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан, ұзақ жыл бойы еңбек нарығын сапалы мамандармен қамтамасыз етіп келе жатқан, ел білетін Еуразия гуманитарлық институты (ЕАГИ) да бар. Біз сіздердің болашақтарыңыздың жарқын болуын қалаймыз. Ондай ізгі мақсатқа қол жеткізудің даңғыл жолы – армандаған мамандықтарыңызды алып шығуларыңызға қалтықсыз әрі сапалы қызмет көрсететін жоғары оқу орнын қателеспей таңдау. Осы ретте 2021 жылғы талапкерлерге Еуразия гуманитарлық институтына қош келдіңіздер демекпіз!

ЕАГИ – елордадағы аккредиттеуден өткен жоғары оқу орны. ЕАГИ –дің білім беру бағдарламалары жыл сайын ҚР БҒМ мен «Атамекен» ҰКП-тың жағымды рейтингіне ие болуда. ЕАГИ-де академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алу жақсы дамыған, біздің студенттеріміздің Түркия, Эстония, Ресей, Әзірбайжандағы және т.б. шетелдік, сонымен қатар қазақстандық ЖОО-ларда да білім алуларына мүмкіндігі бар.

ЕАГИ ҚР-дың Білім беру мекемелері қауымдастығына, Орталық Азия менеджментті дамыту қорына кіреді; Қазақ психологтер қауымдастығымен, Балаларды қатыгездіктен қорғау ұлттық қорымен (Мәскеу, РФ), «SOS Қазақстандағы балалар ауылы» корпоративті қорымен ынтымақтасады; Қазақстандық жас заңгерлер қауымдастығы және Жастар парламенті қызметін қолдап отырады.

ЕАГИ Жоғары Бизнес және Басқару институтының сараптау кеңесінің шешімімен (Женева, Швейцария) Мүлтіксіз іскерлік беделі үшін алтын медалімен марапатталған.

ЕАГИ – Ресей, Франция, Германия, Болгария, Украина, Түркия, Эстония мемлекеттеріндегі жоғары оқу орындарымен жақсы әріптестік қатынас орнатқан.

ЕАГИ-де ағылшын, француз, неміс, қытай тілдері оқытылады.

ЕАГИ студенттері ҚР Президенті стипендиясының иегерлері, республикалық, халықаралық пәндік олимпиадалар мен ғылыми-зерттеу конкурстарының, түрлі шығармашылық байқаулардың жеңімпаздары және волонтерлік қозғалыстың белсенді қатысушылары.

ЕАГИ-де оқу үдерісі күндізгі оқу нысанында, сондай-ақ қашықтықтан білім беру нысанында жүзеге асырылады. Институтта заманауи жабдықталған Қашықтықтан білім беру орталығы жұмыс істейді. Жаңа студенттік жатақханасы, студенттерге қызмет көрсету орталығы, асханасы мен буфеттері, спорт залы мен медициналық пункті т.б. бар.

ЕАГИ кітапханасы білім алушыларға сапалы қызмет көрсетеді. Оқу ғимараттары қажетті материалдық-техникалық құралдармен жақсы қамтылған.

ЕАГИ-де жоғары білікті профессорлық-оқытушылық құрам жұмыс істейді.

Құрметті Талапкерлер, Еуразия гуманитарлық институты сіздерді күтеді!

А. Құсайынов,
ректор, академик,
тарих ғылымдарының докторы, профессор