Құрметті қызметкерлер, оқытушылар мен студенттер!
Сіздерді 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл Отанымыз үшін елдік пен намыстың мерекесі. Себебі, әрбір азаматтың жүрегінде ұлтшылдық сезімдерін қалыптастыруда мемлекеттік рәміздердің маңызы зор. Елтаңба, Ту мен Әнұран – еліміздің тарихынан сыр шертетін, халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер, тәуелсіз мемлекеттің басты символдары. Тәуелсіздігіміздің алтын күмбезі саналатын мемлекеттік рәміздеріміздің мәртебесі арта берсін! Мерейлі мерекеде баршаңызға зор денсаулық, отбастарыңызға амандық, бақ-береке тілейміз!
Ректорат