Рух пен тіл
Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күніне орай Еуразия гуманитарлық институтында «Аққу» әдеби бірлестігінің ұйымдастыруымен «Рух пен Тіл» атты әдеби-сазды кеш өтті. Кеш барысында ақындардың өлеңдері оқылып, халық әндерінен шашу шашылды. «Туған жерге сағыныш» тақырыбында сахналық қойылым қойылып, көрерменнің көңілінен шықты. Кеш соңында институттың оқу және ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры Қ.Ә. Ахметов, қазақ және орыс филологиясы кафедрасының меңгерушісі Л.Н. Дәуренбекова студенттерге алғыс білдірді.