РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ АЯСЫНДАҒЫ МАҢЫЗДЫ ШАРА

ҚР БҒМ-ның ұйымдастыруымен 2018 жылғы 12 сәуірде Астана қаласындағы Назарбаев орталығында Мемлекет Басшысының қатысуымен «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы шеңберінде аударылған оқулықтардың таныстырылымы өтті. Аталған шараға институттан ректор, академик А.Қ. Құсайынов, декан Қ.А. Мамаділ, академиялық ұтқырлық және халықаралық байланыс бойынша үйлестіруші А.Т. Сандыбаева қатысты.