«Сүйемін туған тілді – анам тілін» апталығының жабылуы
27 қыркүйек күні Еуразия гуманитарлық институтында қазақ және орыс филологиясы кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан халқы тілдері күніне және Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың 2017 жылдың 12 сәуіріндегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында өткен «Сүйемін туған тілді – анам тілін» апталығының салтанатты жабылу рәсімі өтті. Апталық шеңберінде жүргізілген дөңгелек үстел, мүшайра, шығармалар сайысы институт ұжымы мен жастарының рухани жаңғыруға деген оң позицияларын танытты. Мерекелік іс-шара барысында «Тасқында тау суындай көңіл жыры» атты мүшайра мен «Мен жаныммен сүйемін осы ауылды» тақырыбындағы шығармалар сайысының жүлдегерлері дипломдармен, апталықтың өтуіне белсене қатысқан «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттері Алғыс хаттармен марапатталды.