«Сөйлесейік» ток-шоуына қатысу
2017 жылдың 24 қаңтарында педагогика кафедрасының аға оқытушысы Пахрутдинова Жанат Ибадуллаевна «Сөйлесейік» ток-шоуына спикер-психолог ретінде қатысты.
Ток-шоуда заманауи музыкалық мәдениет, балаларға арналған әндер мәселелері талқыланды. Қатысушылар балаларға арналған әндердің қандай болуы керектігі, балалар әндері мен авторлар қайда, баланың психикасына сөздің, музыканың және интернет-ресурстың тигізер әсері туралы сұрақтарға жауап беруге тырысты.