«Қ. Сәтбаевтың ел дамуына қосқан үлесі» кураторлық сағаты

2023 жылғы 12 қазанда доцент Б.Б. Мажитова қазақ академигі Қ. Сәтбаевтың 125 жылдығына орай «Қ. Сәтбаевтың ел дамуына қосқан үлесі» тақырыбында Ф-23-01 академиялық тобында (1 курс, «Қаржы» білім беру бағдарламасы) кураторлық сағат өткізді. Кураторлық сағаттың мақсаты: студенттерді академик Қ. Сәтбаевтың өмірі мен қызметімен таныстыру, оның еліміздің дамуына қосқан үлесін қарастыру болды. Интерактивті форматта өткен іс-шара викторинамен аяқталды.