Сөздің пірі Сүйінбай
Үстіміздегі жылдың қазан айының 21 күні Алматы облысының әкімдігі ұйымдастыруымен Талдықорған қаласында Халық ақыны Сүйінбай Аронұлының 200 жылдығына арналған «Сөздің пірі Сүйінбай» атты халықаралық ақындар айтысына институтымыздың «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 4-курс студенттері Ержан Таңжарық пен Әуезхан Сырым қатысты. Айтысқа елімізге танымал 18 айтыс ақындары қатысып, соның ішінен топты жарып жүлделі бірінші орынды Әуезхан Сырым иеленді. Ал Ержан Таңжарық ұлттық өнерімізді дамытуға қосқан үлесі үшін деген номинацияға ие болды. Ақындарымыз «Сүйінбай Аронұлына 200 жыл» медалімен марапатталды. Жас ақындарымызға шығармашылық табыс тілейміз!