«Салауатты өмір салты. Күйзеліссіз сессия» кураторлық сағаты
2022 жылғы 25 қарашада ИЯТ-22-01 академиялық тобының кураторы («Шетел тілі: екі шет тілі» білім беру бағдарламасы), шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысы С.М. Қуанышева «Салауатты өмір салты. Күйзеліссіз сессия» кураторлық сағатын ұйымдастырып, өткізді. Куратордың жетекшілігімен топ студенттері А. Тойлыбаева мен Г. Сыздыкова салауатты өмір салты ережелерін сақтау қажеттілігі туралы ақпаратпен презентациялар дайындады. Сондай-ақ, студент А. Женіс жастардың психологиялық денсаулығын сақтау бойынша практикалық ұсыныстары бар материал дайындады.
Кураторлық сағат барысында студенттер өз пікірлерімен, жеке әңгімелерімен және тәжірибелерімен бөлісті.