Салауатты өмір салты принциптерін қалыптастыру
2025 жылғы 14 ақпанда «Астана қаласы әкімдігінің №3 қалалық емханасы» ШЖҚ МКК дерматовенеролог дәрігері С.Ж. Бостанов интерактивті түрде «Жыныстық жолмен берілетін инфекциялар. Жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығы» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Оған «Құқықтану», «Тарих», «Шетел тілі: екі шетел тілі», «Педагогика және психология» білім беру бағдарламаларының студенттері қатысты.
Студенттер мәлімделген мәселелерді талқылауға белсенді қатысып, оларды толғандыратын сұрақтар қойды.