Салауатты өмір салты принциптерін қалыптастыру

2024 жылғы 8 ақпанда дерматовенеролог С. Бостанов және «Астана қаласы әкімдігінің №3 қалалық емханасы» ШЖҚ МКК профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесінің дәрігері А. Нұрмагамбетов     интерактивті түрде «Дұрыс тамақтану принциптері. Туберкулездің алдын алу», «Жыныстық жолмен берілетін инфекциялар. Жастардың репродуктивті денсаулығы» тақырыптары бойынша семинар-тренингтер өткізді. «Құқықтану» білім беру бағдарламасының студенттері қатысты. Студенттер мәлімделген мәселелерді талқылауға белсенді қатысып, оларды толғандыратын сұрақтар қойды.