«Сапалы білім – сапалы адами капитал»
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп ағымдағы жылғы 14 ақпанда «Сапалы білім – сапалы адами капитал» тақырыбында кеңейтілген алқа отырысын өткізді.
Алқа отырысы аясында «Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жолдары» тақырыбында секция жұмысы ұйымдастырылды.
Жиынға институттың тілші, әдебиеттанушы ғалымдары қатысты!