САПАЛЫ МАМАНДАР ДАЯРЛАУ – БОЛАШАҚТЫҢ КЕПІЛІ

2018 жылдың 29 қаңтарынан бастап 5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттері кәсіптік практикадан өтіп жатыр. Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндерінен ашық сабақтар өткізіп, оқушылармен бірге түрлі ғылыми, мәдени іс-шаралар ұйымдастыруда, сонымен қатар, мектепішілік, қалааралық конкурстарға дайындық жұмыстарын жүргізуде. Педагогика ғылымдарының кандидаттары, доценттер Нұргүл Хамзаханқызы Шадиева, Айжан Ботанқызы Шормақова мен филология ғылымдарының кандидаты, доцент Жанар Қайратқызы Ахметовалар студенттермен байланыста болып, сабақтарына қатысуда.