Сатыбалдинова Лаура «OPEN ENGLISH» жобасына қатысты
Еуразия гуманитарлық институты екінші курсының (ПМНО-17-01) студенті Сатыбалдинова Лаура «Open English» жобасының аясында ағылшын тілін оқытудың әдістемесі бойынша экспресс-тренингті өтті. Бұл жоба КЕТ және РЕТ Кембридж емтихандарының негізінде ағылшын тілін оқыту аясында оқушыларға арналған құрылымдарға, бағдарламаларға сүйенеді, сонымен бірге оқытудың тиімді әдістерін және коучингтік тәсілдерді қамтиды. Тренингтерде Лаура ниеттес командасымен бірге көрермен алдында сөз сөйлеу дағдысын, келешек мамандыққа қажетті ағылшын тілін оқытудың әдістерін меңгерді.