Семей қаласының Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінде педагогика кафедрасының аға оқытушысы Тобагабылова И.А. «Зейін және ес процестері» тақырыбында дәріс оқыды

Академиялық ұтқырлық аясында ынтымақтастық жөніндегі келісімшарт негізінде Семей қаласының Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінде «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы бойынша «Психология» пәнінен педагогика кафедрасының аға оқытушысы Тобагабылова И.А. «Зейін және ес процестері» тақырыбында дәріс оқыды.

Дәріскер студенттерді зейін және ес процестерінің ерекшеліктері, түрлері және қызметтерімен таныстыра отырып, психологиялық білімдерін жетілдірді. Дәріс барысында презентация, тірек сызбалар қарастырылып, студенттерге зейіндері мен қысқа мерзімді естерін тексеруге бейне тест ұсынылды. Студенттер қызығушылық пен белсенділік танытты.