Семинар

2018 ж. 22-23 қарашада ҚР БҒМ-ның ұйымдастыруымен Назарбаев университетінде «Академиялық және басқару дербестігін кеңейту жағдайындағы ЖОО-ның білім беру қызметі» тақырыбында оқыту семинары өткізілді. Семинарға ЕАГИ-ден Бірінші проректор, психол.ғ.к., профессор А.Ж. Исмаилов, оқу және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, т.ғ.д., профессор Қ.Ә. Ахметов, декан, ф.ғ.к., доцент Қ.А. Мамаділ, академиялық және аккредиттеу мәселелері жөніндегі департамент директоры, ф.ғ.к., профессор С.Б. Загатова, экономикалық және математикалық пәндер кафедрасының меңгерушісі, тех.ғ.к., доцент Г.Д. Тажбенова, қазақ және орыс филологиясы кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент Л.Н. Дәурембекова және ғылым магистрі, аға оқытушы А. Алимбаев қатысты.