Сенің жұлдызды сәтің!

2018 жылдың 10-12 қыркүйегінің аралығында талантты студенттердің кастингі өтті. ЕАГИ-дің жастар ісі жөніндегі комитеті бірінші курс студенттерін институттың белсенді студенттік өміріне тарту мақсатында бірінші курс студенттерінің танысуы және бейімделуі аптасы аясында жыл сайынғы күзгі кастингті өткізді.

Іс-шара ЕАГИ-дің тәрбие ісі жөніндегі проректоры Я.Н. Оспанованың және ЕАГИ жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы Н.Т. Тырнаханның, институт Пресс-орталығының жетекшісі Г.С. Оспанованың, кафедралар ЖІК-тің төрағалары мен «Серпер» домбыра ансамблі, КТК командасы, би ұжымы, студенттік театрлық студия, спорттық бөлімдер және басқа да студенттік қоғамдық ұйымдар жетекшілерінің қатысуымен өтті. Кастингке тек талантты әншілер, бишілер мен жүргізушілер ғана емес, сонымен бірге жаңа бастаушы актерлер, КТК-ға қатысушылар, аспапшылар мен кәсіби айтыскерлер және мәнерлеп оқушылар да қатысты.

Тәрбие жұмысын күшейту және студенттік өзін-өзі басқаруды дамыту мақсатында жастар ісі жөніндегі комитет, өз құрылымын кеңейте отырып, өз қатарларына әлеуметтік-белсенді студенттерді жинайды. Осындай кастинг жастар көшбасшыларының жаңа ерен жүйріктерін дайындауға көмектеседі.