Серіктестік байланыстарды кеңейту – бұл жаңа мүмкіндіктер мен келешек

2019 жылдың 14 қаңтарында Еуразия гуманитарлық институты мен «Кәсіби психологиялық лига» Қоғамдық Бірлестігінің арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Іс-шараның соңында педагогика кафедрасы оқытушылары мен студенттерінің Лига өкілдерімен кездесуі өтті. Онда ынтымақтастықтың, бірлескен жобаларды жүзеге асырудың, студенттерді практикалық даярлаудың мәселелері талқыланды.