Сервистік модельдегі полицияны қалыптастыру жағдайындағы ішкі істер органдарының реформалануы
2025 жылғы 25 сәуірде А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтында Қазақстан Республикасы Ішкі істер вице-министрі, полиция генерал-майоры Санжар Аскенұлы Адиловпен оқытушылар мен студенттердің кездесуі өтті.
Кездесу тақырыбы: «Сервистік модельдегі полицияны қалыптастыру жағдайындағы ішкі істер органдарының реформалануы»
Іс-шара барысында қатысушылар ішкі істер органдарындағы өзгерістер туралы өзекті ақпарат алды және тікелей сұрақтарын қою мүмкіндігіне ие болды.
Сонымен қатар, оқу барысында үздік нәтиже көрсеткен студенттерге ішкі істер органдарына жұмысқа шақыру қағаздары табысталды.
Барлық қатысушыларға белсенділік пен қызығушылықтары үшін алғыс білдіреміз!