Үш тілді білім беру: ұлттық және халықаралық тәжірибе
2016 жылдың 23-24 қарашасында Астанада, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ақпараттық-аналитикалық орталығы» АҚ ұйымдастырған, «Үш тілді білім беру: ұлттық және халықаралық тәжірибе» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференцияға Ұлыбритания, Канада, АҚШ, Бельгия, Израиль, Қытай және басқа елдердің сарапшы-аналитиктері, қоғамдық ұйымдар өкілдері және жоғары оқу мекемелерінің, оның ішінде ЕАГИ-дің де оқытушылары қатысты. Конференция қатысушыларына үш тілді білім беру бойынша өзекті сұрақтар талқыланған 24 практикалық семинарға қатысуға мүмкіндік берді. Конференция соңында қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.