Шет тілдері және аударма ісі кафедрасында Халықаралық аудармашы күні аталып өтті

2025 жылдың 29 қыркүйегінде институттың конференц-залында Шет тілдері және аударма ісі кафедрасы Халықаралық аудармашы күніне арналған мерекелік іс-шара өткізді.

Шара кафедра меңгерушісі, доцент У. К. Байтуринаның құттықтау сөзімен басталып, студенттердің би және музыкалық қойылымдар, ағылшын, қытай және басқа тілдерде поэтикалық шығармаларды мәнерлеп оқу шығармашылық нөмірлерімен жалғасын тапты. Көрерменнің ерекше ықыласы  Қытай Халық биіне ауды.

Мереке аясында ұйымдастырылған аударма, шығармашылық жобалар және қабырға газеттері байқауларының қорытындысы шығарылды: Жеңімпаздарға грамоталар мен естелік сыйлықтар табысталды.