Шетел тілдер кафедрасының ұстаздары мен студенттері халықаралық дөнгелек үстелге қатысты
28 қазан күні шет тілдер кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымының магистрі Сарсенова Анар Мадибекқызы ИЯК18-02,ИЯК18-04,ИЯ18-01 топтарының студенттерімен бірге Macmillan Education өткізген”Advancing learning: education for sustainable development and citizenship”атты халықаралық дөңгелек үстелге қатысты. Дөңгелек үстел соңында қатысушыларға сертификаттар берілді.