Шетел тілдері кафедрасы оқытушыларының біліктіліктерін арттыру

2016 жылдың 1 қарашасы мен 20 желтоқсаны аралығында шетел тілдері кафедрасының оқытушылары У.К.Байтурина, А.К. Косжанова, М.А. Кызырова «Педагогикалық мамандықтардың оқытушыларына арналған шетел тілі» курсы бойынша білім алды.

Бұл курс ҚР БжҒМ бұйрығымен профессорлық-оқытушылық құрамның біліктілігін арттыру бағдарламасына сәйкес өткізілді.

Оқытылатын курс екі кезеңге бөлінді: аудиториялық. Ол Алматы қаласында Абылайхан атындағы ҚазМХҚжӘТУ базасында өтті. Курс соңында оқытушыларға сертификаттар табыс етілді.