Шетел тілдері кафедрасы Қысқы мектеп өткізді

А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының шетел тілдері кафедрасы 2023 жылғы 23-27 қаңтар аралығында «Инновациялық технологияларды пайдалана отырып, шетел тілін оқыту кезінде коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру» тақырыбында қысқы мектеп өткізді.

Қысқы мектепте А.Қ. Құсайынов атындағы ЕАГИ шетел тілдері кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., доцент Л.В. Волкова; п.ғ.д., С. Сейфуллин ат. Қазақ агротехникалық университетінің профессоры Т.Т. Галиев; PhD докторы, А.Қ. Құсайынов ат. ЕАГИ шетел тілдері кафедрасының доценті Ж.Т. Оспанова; MA in TESOL North Eastern Illinois University, Chicago IL August Garnsey (USA); ф.ғ.к., авторлық эксперименттік мектептің ағылшын тілі мұғалімі ( Омбы қ., Ресей) О.П. Матиенко; Associated Professor Dr. Kursat Cesur (Turkey); PhD, Associated Professor of Nazarbayev University  Tajik Mir Afzal (Pakistan); п.ғ.к., Л.Н. Гумилев ат. ЕҰУ филология факультетінің шетел тілдері кафедрасының доценті М.Ж. Тусупбекова дәріс оқыды. Қысқы мектепке республика мектептерінің оқытушылары, жоғары оқу орындарының оқытушылары, магистранттар, докторанттар және бакалавриат студенттері қатысты.