Шетел тілдері кафедрасында кураторлық сағат өтті
2018 жылдың ақпан айында ИЯ-16-01, ИЯ-16-02, ПД-16-01, ПД-16-02 топтарының студенттері кураторлары О.В. Дьяченко мен Г.К. Темірғалиевамен бірге 2018 жылдың 10 қаңтарындағы Қазақстан Республикасының Президенті Н.А. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын талқылады. Н.А. Назарбаев өз Жолдауында Төртінші өнеркәсіптік революция әлемінде табысты бейімделу үшін не істеуіміз қажеттігін анықтады. Басымдылықтардың арасында индустрияландыру, ресурстық әлеуеттің дамуы, «ақылды технологиялар», транспорттық-логистикалық инфрақұрылым тиімділігінің артуы, құрылыста және коммуналдық секторда заманауи технологияларды енгізу, қаржылық секторды «қайта жүктеу», адам капиталы белгіленген. Кураторлық сағаттың қатысушылары денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, тұрғын үй мәселелері, білім беру және үш тілдік білім беруге және латын әліпбиіне кезең-кезеңмен өту секілді Жолдаудың негізгі мәселелерін атап өтті.
Жолдау «Стратегия 2030» стратегиялық жоспарын және «100 нақты қадам» ұлт жоспарын орындау үшін ерекше көпір болып табылады және де олардың 60-ы орындалды. Қалғандары ұзақ мерзімді сипатта және жоспарлы түрде жүзеге асырылады. Студенттер мен кураторлар, Президенттің Жолдауы қазақстандықтардың алдарына қойылған міндеттерді мақсатты орындау үшін жаңа күш болатынын айтып, ортақ пікірге келді.