Шетел тілдері кафедрасында Рождество
2021 жылдың 13 желтоқсанында п.ғ.м., шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысы А.М. Сарсенова «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасының 4 курс студенттеріне (ИЯК-18-04 академиялық тобы) оқытылатын тіл елдерінің ұлттық дәстүрлерін зерттеуге арналған тақырыптық сабақ өткізді. Сабақ барысында студенттер «Рождество» мерекесінің дәстүрлері мен тарихымен танысты. Сабақ интерактивті түрде өтті, студенттер тақырыпқа сәйкес әндер айтып, ел мәдениетіне ене отырып, театрландырылған қойылым қойды. Барлық студенттер өздерінің белсенділіктерін көрсетті.