Шетел тілдері кафедрасындағы аудармашы күніне арналған онлайн конкурс

30 қыркүйек күні шетел тілдері кафедрасында студенттер арасында ағылшын, неміс, қытай тілдерінен онлайн аударма байқауы өтті. Іс-шараға тілдік мамандықтардың екінші, үшінші және соңғы курс студенттері қатысты. Студенттер музыкалық, поэтикалық нөмірлермен өнер көрсетті, сондай-ақ И. Бродскийдің өлеңін аудару және прозалық мәтіннің аудармасын ұсынды. Кафедра меңгерушісі Л.В. Волкова құттықтау сөз сөйледі, содан кейін студенттердің конкурстық жұмыстары көрсетіліп, жеңімпаздарды марапаттау өткізілді. Барлық қатысушыларға қатысқаны үшін грамоталар табыс етілді.