Шетел тілдері кафедрасындағы кәсіби бағдар беру жұмысы

2021 жылдың 5 наурызында шетел тілдері кафедрасында ZOOM платформасында мектеп түлектерімен кәсіби бағдар беру жұмысына арналған конференция өтті.

Кафедра меңгерушісі п.ғ.к., доцент Л.В. Волкова және кафедра меңгерушісінің орынбасары п.ғ.м., доцент Г.У. Аренова №32 мектеп-гимназиясының 11 – сынып оқушыларына кафедра мен ЖОО-ның тұсаукесерін өткізді.