Шетел тілдері кафедрасының ұйымдастыруымен ағылшын тілінен пәндік олимпиада

2022 жылдың 5 сәуірінде шетел тілдері кафедрасы Нұр-Сұлтан қаласының 11 сынып оқушылары арасында ғылым қызметкерлері күніне арналған ағылшын тілінен қалалық пәндік олимпиада ұйымдастырды. Іс-шараның модераторлары п.ғ.м., доцент С.Е. Давлетова, г.ғ.м., аға оқытушы С.М. Султанова және п.ғ.м., аға оқытушы А.М. Сарсенова болды.

Олимпиаданың негізгі міндеттері: оқушылардың ағылшын тілін үйренуге қызығушылығын арттыру; теориялық білім мен практикалық дағдыларды тереңдету; жеке тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруына жәрдемдесу; жалпы орта білім беру мекемелерінің оқушылары арасында кәсіптік бағдар беру жұмысын жандандыру болып табылады.

Олимпиадаға №30 мектеп-гимназия, №32 мектеп-гимназия, №37 мектеп-лицей, № 48 мектеп-лицейден барлығы 29 оқушы қатысты.

Оқушылар үшін олимпиада екі кезеңде өтті:

1 тур – лексика-грамматикалық тест, тыңдалым.
2 тур – ұсынылған тақырыптар бойынша ауызша мәлімдеме.

Олимпиада қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді:

1 орын – Цой Алина (№32 мектепа-гимназиясы);
2 орын – Камратов Амирхан (№32 мектеп-гимназиясы), Табынбай Айдын (№ 48 мектеп-лицейі);
3 орын – Атымтай Сулу (№37 мектеп-лицейі), Ахметвалиева Римма (№32 мектеп-гимназиясы), Аждарова Аяжан (№30 мектеп-гимназиясы).

Олимпиаданы ұйымдастырушылар мұндай шараны өткізудегі алғашқы тәжірибе жақсы дәстүрге айналады деп үміттенеді.