Шетел тілдері кафедрасының оқытушылары кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізуде

2022 жылдың 15-16 ақпан аралығында шетел тілдері кафедрасының оқытушылары Ақмола облысы Білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімінің «Төлеу Шаханов атындағы № 2 жалпы білім беретін мектеп» КММ және «Насыр Смағұлов атындағы мектеп-лицей» КММ түлектерімен кездесті.

Бітіруші сынып оқушыларымен диалогтық алаңдар осы мектеп әкімшілігі өкілдерінің көмегімен ұйымдастырылды: Төлеу атындағы №2 мектептің оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары О.Е. Асатиани, осы мектептің тәрбие жұмысы жөніндегі меңгерушісі Д.А. Смағұлова, Насыр Смағұлов атындағы мектеп-лицейдің тәрбие жұмысы жөніндегі меңгерушісі А.В. Иващенко кездесуге қатысушылар Еуразия гуманитарлық институты қызметінің бағыттары, ЖОО білім беру бағдарламаларының ерекшеліктері мен артықшылықтары туралы, сондай-ақ ҰБТ тапсыру рәсімі мен республиканың жоғары оқу орындарына қабылдау қағидалары туралы толық ақпарат алды.