Шетел тілдері кафедрасының оқытушылары мен студенттері Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылған вебинарлар сериясынан өтті

5 қазан мен 16 қараша аралығында п.ғ.м., аға оқытушы А.М. Сарсенова, п.ғ.м., доцент С.Е. Давлетова және ИЯК-18-02 академиялық тобының студенттері Кукиева Ұлжан, Арманқызы Дильда, Батырбай Жансая және Айым Болатова Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің қолдауымен Америка бұрышы (American corner Nur-Sultan) арқылы ағылшын тілі оқытушыларының біліктілігін арттыру бойынша онлайн семинарлар сериясына қатысты. Вебинарлар August Garnsey (English Language Fellow Nur-Sultan, Kazakhstan U.S. Department of State, English Language Programs) басшылығымен өткізілді. Семинарға қатысушылардың барлығы сертификаттар алды.