Шетел тілдері кафедрасының оқытушылары Республикалық ғылыми-практикалық семинарға қатысты
2016 жылдың 4 қазанында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде нейроғылым мәселелері және оның заманауи білім мен оқытуға тигізер әсеріне арнаған «Brain Research and Learning. How ‘educational neuroscience’ can affect learning and teaching» ғылыми-әдістемелік семинары өтті.
Іс-шара шетел филологиясы кафедрасының базасында шетелдік эксперт, доктор Михаэл Нэдердің жетекшілігімен ұйымдастырылды. Семинарға Астана қалысының жоғары оқу орындарының, оның ішінде ЕАГИ-дің де оқытушылары қатысты.
Семинар барысында келесі сұрақтар қарастырылды:
- “Investing Facts about Learning and Teaching”
- “Practical Application of Brain-based Strategies to Enhance Education”
- “How to organize a lecture and be communicative?”
- “How to organize cooperative learning ”.
Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.