Шетел тілдері кафедрасының студенттері елорданың мәдени өміріне араласады

2021 жылғы 24 қарашада п.ғ.м., аға оқытушы А.М. Сарсенова және п.ғ.м., аға оқытушы С.М. Султанова Еуразия гуманитарлық институтының «Шетел тілі: екі шетел тілі» және «Аударма ісі» білім беру бағдарламаларының студенттерімен бірге (академиялық топтар ШТ-19-02, ИЯК-18-02, ИЯК-18-04 и АI-21-01) Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрына барды. Студенттер «Жұбайлар жұмбағы» спектаклін мемлекеттік тілде тамашалады. Спектакль актерлердің ойынымен және декорацияларымен көрермендерге жарқын және ұмытылмас әсер қалдырды.