Шетел тілдері кафедрасының студенттері «Мета-ғалам» көрмесінде

2022 жылдың 19 ақпанында шетел тілдері кафедрасының кураторы, аға оқытушысы Хасилан Фариза «Аударма ісі» білім беру бағдарламасының 2 курс студенттерімен (АІ-20-01 академиялық тобы) «Мета-ғалам» көрмесіне барды. Жиналғандар алдында Арман-Тур агенттігінің гиді Гүлжан Есенбаева ағылшын тілінде презентация жасады.