Шетел тілдері кафедрасының студенттері өндірістік тәжірибеден өтуді жалғастыруда

2022 жылдың 15 ақпанында өндірістік тәжірибе аясында «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасының 4 курс студенттері Жаксылыкова Диана, Батырбай Жансая және Армановна Дильда Нұр-Сұлтан қ., С.Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінің 9 сынып оқушыларына Ауғанстаннан кеңес әскерлерінің шығарылуының аяқталуына арналған еске алу күніне байланысты интерактивті түрде сынып сағатын өткізді.