Шетел тілдері кафедрасының студенттері «Ғылым және білім – 2022» атты Халықаралық ғылыми конференцияда

2022 жылдың 12 сәуірінде ЕАГИ шетел тілдері кафедрасының студенттері Қазақстан Республикасының ғылым қызметкері күнін мерекелеу аясында Л.Н. Гумилев ат. ЕҰУ базасында өткен «Ғылым және білім – 2022» халықаралық ғылыми конференциясына қатысты.

Конференция қорытындысы бойынша студент Ерден Ерасыл 1 дәрежелі дипломмен марапатталды (ғылыми жетекшісі: п.ғ.м., доцент Л.У.    Алипбекова).

2 дәрежелі дипломмен студент Базарбаева Самал марапатталды (ғылыми жетекшісі: п.ғ.м., доцент Л.У. Алипбекова).

Сондай-ақ студент Баисова Сара қатысқаны үшін алғыс хатпен марапатталды (ғылыми жетекшісі: п.ғ.м., доцент Л.У. Алипбекова).

Жеңімпаздар мен қатысушыларды құттықтаймыз, ғылыми жетекшілерге алғысымызды білдіреміз!