Шетел тілдері және аударма ісі кафедрасы студенттерінің өндірістік практикасы

2025 жылғы 13 қаңтар мен 20 наурыз аралығында ШТ-21-01 академиялық тобының студенттері (4-курс, «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасы) елорданың орта білім беру мекемелерінде өндірістік тәжірибеден өтті. Мектеп мұғалімдері шетел тілдерін оқыту әдістемесі бойынша жоғары білім деңгейін көрсеткен студенттердің жұмысына оң баға берді, атап айтқанда: сабақ жоспарларын жазу, оқытудың интерактивті әдістері мен цифрлық технологияларды қолдану.

2025 жылдың 31 наурызында өндірістік тәжірибені қорытындылауға арналған конференция өтті. Конференцияны практика жетекшілері: доцент С.Е. Давлетова, аға оқытушы А.М. Сарсенова, аға оқытушы С.М. Султанова ұйымдастырды.