Шетел тілдері және аударма ісі кафедрасындағы бағдарлау апталығы

2025 жылдың 2 қыркүйегінде бағдарлау апталығы аясында шетел тілдері және аударма ісі кафедрасының студент-менторлары Құламан Анеля мен Камалова Алия бірінші курс студенттеріне арналған интерактивті форматта кафедрамен танысуды ұйымдастырды және өткізді. Кафедра тарихының, оның қызмет бағыттарының, студенттердің өзін-өзі жүзеге асыруы үшін қолда бар мүмкіндіктердің тұсаукесері өтті. Іс-шараға қатысушылар ғылыми және шығармашылық жобаларға қатысу перспективалары, сондай-ақ академиялық ұтқырлық және халықаралық алмасу бағдарламаларында тәжірибе алу мүмкіндігі туралы толық ақпарат алды.

Кездесу соңында бірінші курс студенттеріне институттың маркасымен сыйлықтар табысталды.