«Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының сипаттамасы (ағылшын, неміс, француз, қытай)
Дәрежесі: Бакалавр
Бағыты: Педагогикалық
Мамандықтың атауы мен коды: 5В011900 — Шетел тілі: екі шетел тілі
Кредит саны: ҚР кредиті — 129, ESTC кредиті — 201
Оқу нысаны: күндізгі (мектеп және колледж базасында), сырттай (колледж базасында)
Оқудың басталуы: 1 қыркүйек
Оқу мерзімі (грант, ақылы): 4 жыл (мектеп базасында), 3 жыл (колледж базасында)
Біліктілігі: білім бакалавры
Білім беру траектоиясы: «Ағылшын филологиясы» және «Қазіргі педагогикалық технологиялар»
Мамандандырылуы: Нарық талаптарын ескере отырып, шетел тілдері бакалаврының кәсіби қызметінің салалары білім, ғылым, мемлекеттік қызмет (ҚР Білім және ғылым министрлігі жүйесінде) және білім (орта, орта кәсіптік және жоғары) саласындағы басқару болып саналады.
Мамандықтың ерекшелігі:
- білім беру (педагогикалық): білім алушылардың басқа тілді құзыреттіліктерінің қалыптастырылуына қойылатын халықаралық стандарттар деңгейін ескере отырғандағы екі шетел тілінің мұғалімі ретінде
- экспериментальды-зерттеушілік: ғылыми-әдістемелік әдебиетпен танысу,басқа тілді білімнің жетекші тәжірибесімен танысу, оны қорытындылау, оның нәтижелерін оқу үдерісіне енгізе отырып, тәжірибелер жүргізу;
- ұйымдастырушылық-басқарушылық: түрлі деңгейдегі басқа тілді білім мазмұнын жоспарлау; оқу-білім үдерісін ұйымдастыру және өткізу тәсілдерін анықтау; басқа тілді құзыреттіліктердің қалыптастырылу сапасы менеджменті мен мониторингі;
- әлеуметтік-педагогикалық: дамыған көзқарасы және ойлау қабілеті бар полимәдениетті тұлғаны қалыптастыру;
- оқу-технологиялық: ақпараттық сауаттылық; оқу үдерісінде заманауи технологияларды (сонымен қатар шетел тілдерін оқытудың мультимедиялық құралдарын) меңгеруі және пайдалануы.
Еңбек нарығы: 5В011900 – «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығы бойынша бакалаврлардың кәсіби қызметінің объектілері болып бастауыш, негізгі және бейіндік мектептер, мамандандырылған мектеп, орта техникалық және кәсіптік ұйымдар саналады.
Түсу кезінде қойылатын талаптар: ҰБТ тапсыру, төртінші пән – шетел тілі