Сіздерді кітап көрмесіне шақырамыз!

ЕАГИ кітапханасының оқу залында Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына және Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған кітап көрмесі ашылды.

Көрменің мақсаты – қазақ әдебиетін насихаттау және Қазақстанның әдеби мұрасын зерделеуге деген қызығушылықты арттыру.

Кітапхана қорынан кітап көрмесіне данышпан-ғұлама Әбу Насыр әл-Фарабидің рухани келбетін ашатын зерттеулер қойылды; әлемдік қоғамдық-философиялық ойдың дамуындағы әл-Фарабидің маңыздылығы мен оның мәдениет тарихындағы орны туралы ғалымдардың (Гафуров Б.Г., Касымжанов А.Х. Әл-Фараби мәдениет тарихында; Касымжанов А.Х. әл-Фараби; Көбесов әл-Фараби мен Абайды қатарға оқығанда; Қожақ Ж.Ә. әл-Фараби; Құл-Мұхаммед М. Әл-Фараби. Тарих, тұлға, уақыт) пікірлері көрсетілді.

Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған еңбектер мен зерттеулер ұсынылды. Ұлы Абайдың өмірі мен мұрасы болашақ ұрпақ үшін әділеттіліктің, гуманизмнің және жоғары рухтың өркендеуі жолында әрқашан жарқын үлгі болады. Көрмеге «Абайтану» бойынша 38 том таңдамалы еңбектер; Ердембеков Б. Абайтану; Тарақов Ә.С. Абайдың аудармашылық таланты; Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы. Қара сөздер; Абай. Сен де бір кірпіш дуниеге. Өлеңдер мен қарасөздер қойылды.